00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Ерекше қажеттіліктері бар жандарға қолайлы жағдай жасау өте маңызды – Жеңіс Қасымбек

31.03.2023 | 22:20
Елорда ақпарат
41

Елордада 27 мыңнан астам адам оңалту көмегін алып жатыр. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Біз үшін ерекше қажеттіліктері бар жандарға қолайлы жағдай жасау өте маңызды. Бүгін осы санаттағы жандарға әлеуметтік және оңалту қызметтерін көрсететін түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездестім. Онда инватакси, протездік-ортопедиялық көмек, санаторий-курорттық емдеу, оңалту орталықтарының желісін кеңейту және т.б. мәселелер көтерілді.

Қазіргі уақытта қалада мүмкіндігі шектеулі 27 мыңнан астам адам оңалту көмегін алып жатыр, оның ішінде 7 мың бала бар. Елордада бірқатар әлеуметтік тұрғын үй салып жатырмыз, онда бірінші қабатта әлеуметтік нысандар ашылады: балалар орталықтары, медициналық нысандар, оның ішінде оңалту орталықтары.

Сол сияқты биыл инватакси санын 2 есеге арттыруды жоспарлап отырмыз, осылайша, ерекше қажеттіліктері бар жандарды көбірек қамти аламыз. Кездесу барысында көтерілген мәселелерді шешу жұмысы қолға алынды, ал жүйелі мәселелер бойынша министрліктермен жұмыс істейтін боламыз. Қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен тұрақты түрде кездесіп, тұрғындарымыз үшін қолайлы жағдай жасау жолында бірлесіп жұмыс істейтін боламыз, – деп жазды Жеңіс Қасымбек instagram-парақшасында.

 

Барлық жаңалықтар