00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Былтыр елордада 846 төтенше жағдай тіркелді – ТЖД

31.03.2023 | 22:16
Елорда ақпарат
55

Бұл туралы Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Қуанар Базарбаев брифингте мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

2022 жылы елорда аумағында 846 төтенше жағдай тіркелді, оның ішінде табиғи сипаттағы – 12, техногендік сипаттағы – 834. «112» шұғыл телефон нөміріне түрлі сипаттағы 589 122-ден астам қоңырау келіп түсті,  қала тұрғындарына смс арқылы 308 хабарлама таратылды. Департамент бөлімшелері авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға 5 502 рет шықты. Нәтижесінде жеке құраммен 581 адам құтқарылды, 173 адам эвакуацияланды, 47 зардап шегушіге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетілді. Өткен жылы 831 өрт тіркеліп, материалдық шығын 176 млн теңгені құрады. Өрттің негізгі себептері – электр жабдықтарын орнату және техникалық пайдалану ережелерін бұзу, жылыту пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, – деді Қ.Базарбаев.

Сондай-ақ аулаларды аралау кезінде инженерлік-инспекторлық құраммен халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде 64 828 адамды қамти отыра 34 358 тұрғын үйлерді аралап шықты, тұрғындармен 427 жиын өткізілді, онда 5 977 адам қамтылды. Бұдан басқа, 5 522 адамды қамти отырып, әлеуметтік осал тобындағы адамдардың тұрғылықты жері бойынша 2 589 рейд (отбасы жағдайы  төмен, көпбалалы және т.б.) жүргізілді, бұл ретте Жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп 813 рейд жүргізілген.

Барлық жаңалықтар