00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада көлік жүргізушісі 10 жастағы баланы қағып кетті

31.03.2023 | 21:37
Елорда ақпарат
35

Елордада көлік жүргізушісі 10 жастағы баланы қағып кетті, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күндіз  Chevrolet Nexia автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі Түркістан көшесімен келе жатып Бұқар Жырау көшесіне бұрылған кезде жолдан жаяу жүргіншілер өткелімен бағдаршамның рұқсат етілген сигналына өтіп бара жатқан 10 жастағы баланы қағып кетті. Нәтижесінде кәмелетке толмаған баланың иығы жарақаттанды. Дереу ол ауруханаға жеткізілді.  Дәрігерлердің қарауынан кейін бала  үйіне жіберілді, - деп жазылған хабарламада.

Аталған факті бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жалпы, өткен тәулікте қалада 79 ЖКО тіркеліп, екі адам жарақат алды.

Қаладан тыс жерлерге барудан бас тартуды және енгізілген жол шектеулерін бақылауды ұсынамыз. Көлік құралдарының жүргізушілері желдің металл және өзге де заттарды бұзуын ескере отырып, көліктің зақымдану мүмкіндігі барынша азайтылған жерлерде көліктерін қойғаны дұрыс, - деп атап өтті полицияда.

Барлық жаңалықтар