00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада жаңадан салынған ғимарат аумағында контейнер өртенді

31.03.2023 | 21:28
Елорда ақпарат
23

Елордада бүгін жаңадан салынған ғимарат аумағында 40 тонналық контейнер өртенді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл ақпаратты қалалық ТЖД растады.

Бүгін сағат 09:17-де Мәңгілік ел даңғылы, 63 мекен жайында жаңадан салынған ғимарат аумағында 40 тонналық контейнер жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына елордалық №4 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі барды. Өрт сағат 09:38-де сөндірілген. Тілсіз жауды өшіруге өрт сөндіру бөлімінің 10 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылған.

35 шаршы аумақта кеңсе ғимаратына айналған 40 тонналық контейнердің ішкі төсеніші мен жиһазы жанып кеткен, - делінген ТЖД хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ.

Барлық жаңалықтар