00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада мектепке дейінгі 432 мекеме жұмыс істейді - Есет Байкен

31.03.2023 | 21:15
Аяулым Алтынбек
38

Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Есет Байкен Астана қаласының Коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Жұртшылықты Балалар жылының қорытындысымен таныстырған қала әкімі орынбасарының айтуынша, елордада жыл сайын балалар саны көбеюде. Демографиялық көрсеткіштер бойынша жыл сайын бас қалада 25-30 мың бала дүниеге келеді. Осы ретте қаламыздағы әлеуметтік нысандарға, оның ішінде мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне, мектептерге, ЖОО-ларға салмақ түсуде.

Астанада 432 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. Оның ішінде 99-ы – мемлекеттік, 330-ы –жекеменшік балабақша. 31 464 бала мемлекеттік балабақшаға барса, 26 171 бала жекеменшік балабақшаға барады. 1-6 жасқа дейінгі аралықта 58 129 бала мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтылған. Бұл жалпы бала санының 80 пайызын құрайды. 3-6 жасқа дейінгі аралықта 4 994 бала мектепке дейінгі мекемеге барады. Биыл балаларды балабақшамен қамтуды арттыру мақсатында қосымша 3 мың орын ашылды. Балабақшаға деген сұраныс жоғары болып отырған Жағалау ауданында 290 орындық балабақша Тәуелсіздік күні қарсаңында ашылды. Келесі жылы 10 мыңға жуық орын ашылу жоспарлануда, - деді Есет Байкен.

Барлық жаңалықтар