00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада күніне 60-қа жуық адамнан коронавирус анықталады

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Берік Қайкенов әкімдіктің онлайн брифингінде қаладағы эпидахуал туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Бүгінгі таңда қалада 6 инфекциялық стационар жұмыс істейді. Инфекциялық стационарларда 105 адам бар, жүктеме 53,8% -ды құрайды. Оның ішінде, КВИ расталған стационарлардағы пациенттер саны 85 адамды, ал пневмонияға шалдыққан науқастар саны 20 адамды құрайды. Реанимация бөлімшесінде 7 пациент ем алады, оның ішінде өкпені жасанды желдету аппаратында – 4 адам ем қабылдап жатыр. Соңғы аптадан бері тәулігіне 60-қа жуық адамнан коронавирус анықталып келеді. 2 апта ішінде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылар өсуінің негізгі себептері коронавирустық инфекцияға қарсы иммунитеті бар адамдар үлесінің төмендеуі болып табылады. Сондықтан да ревакцинациядан өту қажет,- деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Берік Қайкенов.

Барлық жаңалықтар