00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

ТЖД астаналықтардан қала сыртына шықпауды сұрайды

31.03.2023 | 20:34
Елорда ақпарат
20

Синоптиктердің болжамынша, демалыс күндері елордада қарлы боран, көктайғақ және температураның төмендеуі болуы мүмкін. Құтқарушылар тұрғындардан қала сыртына шықпауды сұрайды, деп хабарлады Elorda.info.

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметінше, 26 және 27 қарашада Астанада ауа температурасы күндіз 22-24 аязға дейін, түнде – 30-32 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Оқи отырыңыз: Демалыс күндері 38 градусқа дейін аяз болады

Бүгін, 25 қарашада қалада қарлы боран, қатты жауын-шашын және екпінді жел бар.

Ауа райының нашарлауына, көрінудің шектелуіне, ауа температурасының төмендеуіне байланысты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына күн райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы метеорологиялық қорытындыларды (оның ішінде Darmen қосымшасы арқылы) қадағалауды, қала шетіне шықпауды, сақ болуды кеңес етеді.

Төтенше жағдай туындағанда «112» телефонына қоңырау шалу керек.

Оқи отырыңыз: Елордада бір түнде 5 мың текше метрден астам қар шығарылды (ФОТО)

Естеріңізге сала кетейік, 25 қараша күні таңертең елорда көшелерінің қарын күреуге 2,5 мыңға жуық жол жұмысшы шығып, 1000-нан астам арнайы техника жұмылдырылған.

Барлық жаңалықтар