00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астаналық өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтер беріледі

31.03.2023 | 20:18
Елорда ақпарат
47

Мемлекет басшысының атынан Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен елорда әкімі Алтай Көлгінов өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті. Пәтер демеушілік қаражат есебінен берілді, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт сөндіруші Аян Кемпіровтің отбасына ипотеканы өтеуге көмек көрсететін болады.

Сонымен қатар Асқар Забикулин мен Аян Кемпіровтің отбасыларына жалпы сомасы 6 миллион теңге болатын несиелерін өтеуге көмектесу туралы шешім қабылданды.

Астаналық өрт сөндірушілер батылдық танытып, бірнеше адамның өмірін сақтап қалды.  

А. Забикулиннің денсаулық жағдайы ауыр, екінші науқастың жағдайы орташа дәрежеде деп танылды.

Барлық жаңалықтар