00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Асхат Аймағамбетов елордадағы №49 мектепке барды

31.03.2023 | 19:55
Елорда ақпарат
20

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов елорда маңында орналасқан «Лесозавод» ауданындағы №49 мектепке бардым. Мұнда 1 300-ден астам бала оқиды, деп хабарлады Elorda.info.

Министр мектептегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстармен танысып, оқу кабинеттерін аралады. кітапханада оқушылармен және кітапханашымен әңгімелесті. Сондай-ақ мұғалімдермен жұмыс мәселелерін талқылады.

Астанадағы білім басқармасының мектептерде оқушылар сарайының филиалдары мен басқа да қосымша білім беру ұйымдарын ашу бойынша оң тәжірибесін атап өткім келеді. Мысалы, бұл мектепте авиамодельдеу, бокс, волейбол және т.б. үйірмелер жұмыс істейді.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында жаңа мектептер салу жоспарланып отырған бірнеше орынға бардық. Олар –  Керей және Жәнібек хандар көшесіндегі (әрқайсысы 2 000 оқушы орны), Төле би көшесіндегі (2 000 оқушы орны) және Байтұрсынов 7 көшесіндегі (600 оқушы орны) мектептер.

Қазір қалада оқушы орнының тапшылығы 26 мыңнан асады. Бұл мәселені шешу үшін 2024-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде екіауысымда 85 мыңға жуық оқушы орнын қамтамасыз ететін 24 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған. Басым көпшілігі 2024 салынып бітеді, - деп атап өтті министр.

Асхат Аймағамбетов ұлттық жобаны іске асыруға жетекшілік ететін Астана әкімдігінің өкілдері жер учаскелерін бөлу, ЖСҚ дайындау, инженерлік инфрақұрылым және т.б. мәселелерді шешіп жатқанын атап өтті.

Болашақта елордада білім беру объектілерін салу үшін 102 жер учаскесін бөлу жөніндегі шешім де уақытылы қабылданды.

Президенттің жаңа ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі тапсырмасы аясында алдағы уақытта үшауысымды оқыту мәселесі ғана емес, оқушы орындарының тапшылығы да толық шешіледі, - деді министр.

Барлық жаңалықтар