00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Бас мүфти пайғамбардың мүбәрак сақал-шәрифін көру іс-шарасына қатысты (ФОТО)

31.03.2023 | 19:30
Елорда ақпарат
26

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Пайғамбардың мүбәрак бір тал сақал-шәрифін көру іс-шарасына қатысты, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше,  іс-шара халық арасынан ашылған дәлізбен ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған имамдардың мүбәрак-шәрифті салтанатты түрде ортаға әкеліп, арнайы орынға қоюмен басталды.

Бұдан соң Бас мешіттің қарилары Мұртаза Балахмет пен Серік Ахметов асыл Пайғамбарға құрмет ретінде Мәуліт, Құран оқып, Бас мүфти батасын жасады.

Қасиетті Құранда: «Сендерге Алланың елшісінде көркем өнеге бар» делінген. Алла Тағала баршамызды өзіне лайықты құл, Пайғамбарға лайықты үмбет болуды нәсіп еткей, - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бұдан соң жиналған халыққа мүбәрак-шәрифті көру тәртібі мен әдебі таныстырылып, халықтың кезекпен асыл затты көруіне мүмкіндік берілді.

Айта кетейік, Пайғамбардың мүбәрак сақал-шәрифін халыққа көрсету іс-шарасы бүгін құптан намазына дейін жалғасады. 

Барлық жаңалықтар