00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада тұрғын үйлерді жылыту жүйесіне қосу басталды

31.03.2023 | 17:33
Елорда ақпарат
17

Елордада ауа райының салқындауына байланысты жылыту маусымы мерзімінен бұрын басталды. 29 қыркүйекте көп пәтерлі үйлер жылыту жүйесіне қосыла бастады, деп хабарлады Elorda.info.  

Бұған дейін 27 қыркүйектен бастап әлеуметтік нысандар (медициналық мекемелер, мектептер, балабақшалар, спорт нысандары және т.б.) жылыту жүйесіне қосыла бастады.

Сондай-ақ, елордада тұрғын үй алаптарын газдандыру жұмыстары жалғасуда. Алматы және Сарыарқа аудандары үйлерді газға қосу мүмкіндігімен толық қамтамасыз етілген.

Жеке сектор тұрғындары үшін көмір сататын компаниялар анықталды. Бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында компаниялармен көмір құнын бекіту туралы тиісті меморандумдар жасалды. 109 нөмірі бойынша «Жедел желі» жұмыс істейді, онда тұйықтықтағы (тупик) көмірдің қоры, бағасы және бар-жоғы туралы білуге болады.

Барлық жаңалықтар