00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада әлеуметтік нысандарға жылу беру басталды

31.03.2023 | 17:28
Елорда ақпарат
39

Астанада ауа райының салқындауына байланысты әлеуметтік нысандар (медициналық мекемелер, мектептер, балабақшалар, спорт нысандары және т.б.) мерзімінен бұрын жылуға қосыла бастады. 30 қыркүйектен бастап көппәтерлі үйлер кезең кезеңімен жылыту жүйесіне қосылады, деп хабарлады Elorda.info.

Сондай-ақ, елордада тұрғын үй алаптарын газдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Алматы және Сарыарқа аудандары үйлерді газға қосу мүмкіндігімен толық қамтамасыз етілген.

Жеке сектор тұрғындары үшін көмір сататын компаниялар анықталды. Бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында компаниялармен көмір құнын бекіту туралы тиісті меморандумдар жасалған. 109 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді, онда көмір қоры, бағасы және бар-жоғы туралы ақпараттарды білуге болады.

Барлық жаңалықтар