00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елордадағы үшінші жылу электр станциясы қашан іске қосылатыны белгілі болды

25.02.2023 | 14:22
Айман Нығмет
34

Құрылысты бір ғана мердігер компания атқарып жатыр. Оның алдына қойылған міндеттер көп. Проблема да аз емес. Әкімдікте қажетті қаражат бар. Бүгінгі таңда жылу электр станциясына бағытталатын 20 млрд теңге дайын. Бұған дейін мердігерге 9 млрд теңге бердік. Біз құрылысқа жауапты компанияға жұмыстарды мерзімінде аяқтауды ескерттік. Жобаны аяқтап, жылу беру керек. Егер олай болмаған жағдайда біз сотта кездесеміз. Мердігер өзінің жауапкершілігін түсінді, қазір ол барлық ресурстарын жұмылдыруда. Бұл бағытта логистикалық мәселелер мен әлемдегі геосаяси жағдайлар да әсер етіп отыр. Станцияға қажетті өнімдерді кейбір елдер жасамайды. Сондықтан біз тауар жеткізушілерді өзгерттік, - деді қала басшысы елордада кәсіпкерлермен кездесу барысында.

Алтай Көлгіновтың айтуынша, мердігер компания жылыту электр станциясын 2023 жылдың қаңтарында пайдалануға беруге міндеттелген.

Барлық жаңалықтар