00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Көктал елді мекенінде жаңа қоғамдық кеңістік ашылды (ФОТО, ВИДЕО)

25.02.2023 | 14:10
ҒаниАтымтай
44

Бұл туралы қала басшысы өзінің instagram-парақшасында жазды. 

Осылайша, «Қорғалжын» гүлзарында балаларға арналған ойын алаңы, спорт алаңы, іс-шараларға арналған орын, демалысты тыныш орында өткізуге арналған аумақ және т.б. орналасқан. Сол сияқты шахмат пен үстел теннисіне арналған арнайы үстелдер орнатылған. Жаңа орын көгалдандырылып, жергілікті суару жүйесімен жабдықталды, – деді әкім.

Алтай Көлгіновтің айтуынша, осыған дейін Көктал елді мекенінде жалпы аумағы 16 гектар болатын саябақ ашылған. Аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру кезінде балалардың да, жастардың да, аға буынның да мүдделерін ескеріледі. Мұның бәрі қала тұрғындары бос уақытын тиімді пайдаланып, денсаулығына пайдалы нәрсемен айналысуы үшін жасалып жатыр.

Биыл елордада «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында 250-ге жуық аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылды. Ал үш жыл ішінде 750-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылған болатын. Бұл жұмыс елорданың барлық ауданында жүріп жатыр, – деді елорда әкімі.

Барлық жаңалықтар