00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

25.02.2023 | 14:08
ҒаниАтымтай
40

Айта кетейік, елді мекендерден жеткізілетін өнімдер нарықтық бағадан едәуір төмен бағамен сатылып жатыр. Мұнда әдеттегідей адам қарасы аз емес.

Жәрмеңкеде барлық тауар қолжетімді бағамен сатылып жатыр. Базарға қарағанда төмендеу екені де рас. Бұл – қарапайым халық үшін өте тиімді. Осындай жәрмеңке жиі өткізіліп тұрса екен, - дейді елорда тұрғыны Эльвира Шәріпқызы.

Елордада демалыс күндері ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізу игі дәстүрге айналған. Тұрғындар апта сайынғы іс-шараларда қажетті азық-түлік өнімдерін нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алып жүр.

Жәрмеңкеге бала-шағамызбен түгел келдік (күледі). Жеңілдетілген бағамен жеміс-жидек пен көкөністер сатып алдық. Бұйыртса, ертең де келсек деп отырмыз - дейді астана тұрғыны Аманжол Ахметхан.

Айта кетейік, жәрмеңке апта сайын сенбі және жексенбі күндері  «Астана Арена» стадионының тұрақ аймағында өткізіліп тұрады. Ал аймақтық жәрмеңке 27 тамыздан бастап ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр.

Барлық жаңалықтар