00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада халықаралық цирк өнерінің фестивалінде 13 елдің әртістері өнер көрсетіп жатыр

25.02.2023 | 13:36
Елорда ақпарат
16

Онда көрермендер әлемнің түкпір-түкпірінен келген белгілі әртістердің үздік цирк қойылымдарын тамашалауға мүмкіндік алады.

Осы уақыт ішінде біз онлайн режимде жұмыс істедік, дайындықтардан өттік. Бұл күндері өтіп жатқан ауқымды фестиваль –тек әртістеріміз үшін ғана емес, көрермендер үшін де мереке. Біздің басты көрермендерімізі – балалар. Фестиваль – біздің мемлекетіміздің визит карточкасы. Қазірдің өзінде XIII фестивальді өткізіп жатырмыз. Біздің басты мақсатымыз – ұлттық цирк өнерінің бай дәстүрлерін сақтау үшін жағдай жасау. Жылдан жылға әртістер шығармашылық тәжірибе алмасуға, өз шеберліктерін арттыруға мүмкіндік алады, - деді «Елордалық цирк» МКҚК бас директоры Ерік Жолжақсынов баспасөз мәслихатында.

Биыл астаналық цирк күмбезінің астында Беларусь, Венгрия, Вьетнам, Израиль, Италия, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Франция және Қазақстан сияқты әлемнің 13 елінен келген дарынды әртістер өнер көрсетеді. Фестивальге қатысушылар арасында «штейн-трапе» жанрындағы нөмірі бар атақты әуе эквилибристі Олег Спигин бар.

Барлық жаңалықтар