00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада суға шомылуға рұқсат етілмеген 21 орын бар

25.02.2023 | 13:33
Елорда ақпарат
38

Ратбек Демеубергеннің айтуынша, судағы адам өлімінің басты себебі – рұқсат етілмеген орындарда шомылу, азаматтардың жек қауіпсіздік ережелерін сақтамауы және мас күйінде суға сүңгу.

Статистикаға сәйкес суда қаза болу жағдайларының 80%-ға жуығы жабдықталмаған және тыйым салынған орындарда шомылу себебінен болады. Биыл Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысымен шомылуға үш учаске: Орталық қалалық жағажай, "Три пескаря" және "Астаналық аула" демалыс аймақтары рұқсат етілді. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының шешімімен шомылуға арналған су айдындарының 21 тыйым салатын учаскесі (Алматы – 8, Байқоңыр – 4, Есіл - 6, Сарыарқа – 3) орнатылды. Барлық тыйым салынған учаскелер бойынша тыйым салу және ескерту белгілерін, оның ішінде жүзбелі белгілер мен ақпараттық стенділер орнату ұйымдастырылды, - деді Р.Демеуберген.

Күн сайын елорданың су айдындарының қауіпті учаскелерінде ТЖ департаменті, Ұлттық ұлан қызметкерлері патрульдеу жүргізеді. Олар халықпен судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын өткізіп тұрады.

Бүгінгі таңда департамент қызметкерлері 20 мыңнан астам жадынамалар мен парақшалар таратты. Рейдтік іс-шаралар барысында Полиция департаментімен 189 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде 28-і 364-бап бойынша (ортақ су пайдалану ережелерін бұзу) және 161-і  440-бап бойынша (қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішу). Суға шомылу кезеңінің басталуымен елордалық құтқарушылар қаланың су айдындарында 6 адамды құтқарды. Олар тыйым салынған орындарда суға шомылған, - деді басқарма басшысы.

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды судағы қауіпсіздікті сақтауға шақырады.

 

Барлық жаңалықтар