00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада дзюдодан Азия чемпионаты өтеді

25.02.2023 | 12:01
Елорда ақпарат
19

Төрт күнге созылатын құрлықтық додада татами шеберлері жекелей және аралас-командалық жарыс бойынша өзара мықтыны анықтайды. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіне сәйкес өткізілетін жарысқа Азияның 30 елінен 400-ге жуық  дзюдошы қатысады деп жоспарлануда.

Қазақстан дзюдодан әлемдік бәсекелерді өткізу бойынша мол тәжірибеге ие. Осы уақытқа дейін Халықаралық дзюдо федерациясы елімізге әлемдік лицензиялық Гран-при жарыстарынан бөлек, ересектер арасындағы әлем чемпионаты (2015, Нұр-Сұлтан) мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын (2019, Алматы) өткізуді сеніп тапсырған. 2017 жылдан бері Азия дзюдо одағының күнтізбесіне сәйкес жылда елімізде жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында дәстүрлі түрде екі рет Азия кубогі өткізіліп келе жатыр. Енді міне, биыл Азия чемпионатын өткізу құқығына ие болдық. Бұл – тек спортшыларымыз үшін емес, отандық дзюдо жанкүйерлер үшін тамаша жаңалық, - дейді Қазақстан дзюдо федерациясы президентінің міндетін атқарушы Асхат Жіткеев.

Айта кетейік, IJF ережесі бойынша, Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Олимпиадалық рейтингте ұпай сандары қосылады. Атап айтқанда, жеңімпаз 700 ұпайды еншілесе, 2 орын иегері 490, ал 3 орынға 350 ұпайдан үлестіріледі.

Дзюдодан Азия чемпионаты «Qazsport» арнасынан тікелей трансляцияланады.

 

Барлық жаңалықтар