00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада су добынан Қазақстан кубогы өтті

25.02.2023 | 09:52
Айман Нығмет
41

Жарыс ережесі бойынша әр ойын 4 кезеңге бөлінді, олардың әрқайсысы 8 минутқа созылды. Барлығы 10 ойын өткізілді. Іріктеу жарыстарынан кейін екі күннен соң жартылай финалға Astana-2 командасы мен Қ.Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат құрамасы шықты.

Үшінші орын үшін күрес тартысты болды. Финалда Тараз және Нұр-Сұлтан қалаларының құрамалары күш сынасты. Нәтижесінде Тараз құрамасы жеңіске жетті, Нұр-Сұлтан командасы күміс жүлдегер атанды.

Жарысқа қатысқан спортшылардың бәрі естелік сыйлық, медаль және кубоктармен марапатталды. Оларды Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, еркін күрестен Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Гюзель Манюрова құттықтады.

Барлық жаңалықтар