00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада құрғақ шөп пен қамыс жанып жатыр

25.02.2023 | 09:16
Елорда ақпарат
33

Әлеуметтік желілерде құрғақ шөп пен қамыстың жанып жатқан видеосы тарады. Түтін «Хан Шатыр» СОСО аймағынан шығып жатты. Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, аталған ауданда өрт шыққаны туралы хабарлама 101 пультіне сағат 15:03-те келіп түскен.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер құрғақ шөп пен қамыстың жанып жатқанын анықтады. Өрт шарпыған аудан алдын ала болжам бойынша бір гектарды құрайды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазіргі уақытта өртті сөндіруге жеке құрамның 25 маманы, 6 өрт сөндіру көлігі және жергілікті атқарушы органның 4 су шашатын техикасы мен бір тракторы жұмылдырылған. Сағат 17:31-де өрт жартылай сөндірілді. Жалынның Нұр-Сұлтан қаласының жасыл белдеуіне, құрылыс нысандарына таралуы қаупі жоқ, - деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.

Барлық жаңалықтар