00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Elorda zhastary» бағдарламасы аясында жастарға жеңілдетілген несие беріледі

25.02.2023 | 09:09
Айман Нығмет
24

Бүгінде қаланың 15 жоғары оқу орнында 62 788 студент (бакалавриат, магистратура, докторантура) білім алып жүр. Жұмыс істейтін жастар – 133,2 мың тұрғын. «Elorda zhastary» бағдарламасы аясында жұмыс істейтін жастарға 18 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие беріледі.

Бағдарлама арқылы несие алу үшін шарттары келесідей:

- Пайыздық мөлшерлеме – жылдық 5% ;
- Бастапқы жарна – 10%;
- несие мерзімі – 25 жылға дейін.

Сондай-ақ 3 жылдан бері тоқтаусыз «Сатып алу құқығынсыз жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы іске асырылып жатыр.

Биыл бағдарлама бойынша тұрғын үй алуға 4 863 адам өтініш берген. Барлығы 1050 пәтер беріледі.Іріктеу балдық жүйе бойынша, ал пәтерлерді бөлу өтініш берушілердің отбасы құрамы бойынша жүргізілді.

Біз сондай-ақ NEET санатындағы жастармен жұмыс істейміз. Қаланың 4 ауданында жастарға қызмет көрсету орталықтары ашылды, футбол турнирлері, бос жұмыс орындары жәрмеңкелері, «NS Бағдар», «Есірткіге жол жоқ!» және т.б., - деді спикер.

 

 

Барлық жаңалықтар