00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада «Қайырымдылық керуені» байқауы мәресіне жетті

25.02.2023 | 08:50
Елорда ақпарат
31

Іс-шара жыл сайын Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан жүздеген меценат пен жанашыр адамдарды анықтайды. 

Байқауды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Amanat партиясы бірлесе отырып, Іскер әйелдер қауымдас­тығы мен Тұңғыш Президент қоры ұйымдастырды.

Биыл байқауға қатысуға 1033 өтінім, соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 165 өтінім түсті. Қиын сәтте маңызды қолдау көрсетуге, мейірімділік жасап, жақынына қамқорлық жасауға, өз жеріне сүйіспен­шілікпен қарап, жанашырлық көрсетуге шын мәнінде барлық адам қабілетті. Осы ретте біздің ұжым байқаудың жүлдегерін анықтауда үлкен жұмыс атқарды, – деді Іскер әйелдер қауымдастығының төра­йымы Сәния Ырысалиева.

Байқауға әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді шешуге өз үлесін қосқан және игі ісімен басқаларды ынталандырып жүрген жеке және заңды тұлғалар қатысты. Жеңімпаздар 7 номинация бойынша, атап айтсақ, «Асар», «Туған жер», «Батыл жүрек», «Мейірім жолында», «Қайырымдылық тарихы», «Бала жүрегі», «Жануарларға мейірім» бойынша марапатталды.

Барлық жаңалықтар