00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды

25.02.2023 | 07:52
Елорда ақпарат
44

Demalys Promenade аллеясында мерекелік концерт өтті.

Балалар ән айтып, би билеп, ұлттық ойындар бойынша жарыс өткізіп, қазақша бояу кітаптарының тұсаукесері мен сурет салу байқауларына қатысты.

Балалар мәз-мейрам болып тарқасты.

Жиналған ересектер бүлдіршіндерге бақытты балалық шақ тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

«Балалар – өмірдің мәні. Олар қорғансыз ғой. Біздің міндетіміз –оларға көңіл бөліп, қамқор болу, өскелең ұрпақтың бақытты болуы үшін қолдан келгеннің барлығын жасау. Әр баланың болашағы жарқын болсын», - деді елорда тұрғыны Әлия Сәбитова.

Балаларды қорғау күні – бұл тек көңілді мереке ғана емес, сондай-ақ барлық балалар бақытты болып өсуі, оқуы, сүйікті ісімен айналысуы және болашақта өз елінің жақсы азаматтары болуы үшін баланың құқықтарын қорғау қажеттілігі туралы қоғамға ескерту.

Барлық жаңалықтар