00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Футболдан жасөспірімдер арасында елорда әкімінің кубогы сарапқа салынды

25.02.2023 | 07:52
Елорда ақпарат
48

Жарысқа Көкшетау, Қостанай және Павлодар қалаларынан алты команда қатысты. Елорда намысын №8 БЖМОРСМ футбол мектебінің командасы қорғады.

Үш күн бойы «Тарлан Арена» стадионының жасыл алаңында жас спортшылар керемет ойын көрсетті және әр команда жеңіске деген талпынысы мен ерік-жігерін көрсетті.

Турнирдің регламентіне сәйкес бірінші кезеңде қатысушылар әрқайсысы үш командадан екі топқа бөлінді. Финалда топтық кезеңнің екі үздік командасы кездесті.

Осылайша, елорда әкімінің кубогы үшін болған басты ойында БЖМОРСМ -1 (аға жаттықтырушы А.Қожабеков) және БЖМОРСМ -2 (жаттықтырушы Д. Молдашбаев) командаларымен кездесті. БЖМОРСМ -1  командасы жеңіске жетті. Үшінші орынды «Виста» жеке футбол мектебінің командасы иеленді.

Қала әкімінің бірінші кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды. «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік шабуылшы» номинациялары бойынша марапатталған ойыншылар ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сыйлықтар алды.

«Жарыс дене шынықтыру мен спортты насихаттау, соның ішінде балалар футболын дамыту мақсатында өткізілді. Алдағы уақытта бұл турнир Қазақстанның барлық өңірлерінен келген командалардың қатысуымен өтетін дәстүрлі турнирге айналуы мүмкін», - деп атап өтті №8 БЖМОРСМ директоры Дінмұхамед Құрамаев.

Барлық жаңалықтар