00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық оқушылар арасында «Жас құтқарушы» жарысы өтті

25.02.2023 | 06:39
Елорда ақпарат
24

Жарысқа қаланың 34 мектебінен 259 оқушы қатысты.

Жарыстың мақсаты – мектеп оқушылары арасында техногендік және табиғи сипаттағы түрлі төтенше жағдайлар туындаған кезде қажет болатын қауіпсіздік шараларын оқыту және насихаттау. Оқушылар жарыстың бірнеше кезеңінен өтеді: өрт эстафетасы, жауынгерлік жылдамдық, алғашқы медициналық көмек көрсету, – деді Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД ТЖ жою басқармасының бас маманы Қадырхан Шаймерденов.

Сондай-ақ жарысқа қатысушылар үшін жаңа құтқару жабдықтары, құрал-саймандар көрмесі ұйымдастырылып, оқыту мастер-кластары өткізілді.

Сонымен қатар шараға қатысқан елорда әкімінің орынбасары Ермек Қизатов командаларды дайындауға белсенді қатысқан мектеп директорларына, ТЖД қызметкерлеріне әкімнің атынан алғыс хаттар табыс етті.

Жарыс жеңімпаздары медальдармен және грамоталармен марапатталды.

 

Барлық жаңалықтар