00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада әскери-патриоттық әндер байқауы өтті

25.02.2023 | 06:08
Елорда ақпарат
27

Конкурсты "Жас сарбаз" балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы" РҚБ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының қолдауымен Балалар жылына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай өткізді.

Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің өкілдері, елорданың Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров, "Жас сарбаз" балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы" РҚБ төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев, "Жас сарбаз" астаналық филиалының басшысы Асхат Налшыбек қатысты.

Биыл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай "Отан. Әскер. Жас сарбаз" жобасын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы жүзеге асырды. Жоба аясында бірнеше іс-шара жүзеге асырылуда. Алғашқылардың бірі болып қала мектептерінің оқушылары арасында әскери-патриоттық сайыс өтті. Барлығы 50 қатысушы қатысты. Олардың 8-і финалға өтті. Сондай-ақ, әскери-патриоттық жиындар, ардагерлермен, халық батырларымен кездесулер өткізу жоспарлануда. Мұндай акцияларды үш жыл бойы өткізіп келеміз және осы жұмысты жалғастырамыз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлықтарыңызды "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының қатарына қосылуға шақырамыз, - деді Нұр-Сұлтан қаласы "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының бөлім басшысы Нұралы Махметалыұлы.

Барлық жаңалықтар