00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Алтай Көлгінов Алматы ауданының тұрғындарымен кездесті

25.02.2023 | 05:59
Елорда ақпарат
32

«Встреча» (Абылай хан даңғылы мен Манас көшесінің қиылысы) ауданын қала тұрғындарының бәрі біледі. Бұл шағын аудан оң жағалаудың келбетін, ерекшелігін сақтап қалғанмен, көше саудасына қатысты, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлардың болмауы, абаттандыру секілді т.б. қиындықтары бар. Қала тұрғындарының өтініші бойынша және көрікті орындардың біріне айналуы үшін, сол сияқты шағын ауданның жұртшылыққа қолайлы болуы үшін қоғамдық кеңістік сала отырып, бұл маңайды абаттандыру туралы шешім қабылдадық. Қоршауларды алып тастап, көлеңкелі қалқалар, балаларға арналған ойын алаңдарын орнатуды жоспарлап отырмыз, сондай-ақ ретро-телефон будкасы, су ішуге арналған автомат, түрлі сәулет нысандары және т.б. орнатылады. Ең бастысы, көше саудасын ретке келтіріп, сатушылардың сауда жасауына барынша қолайлы жағдай жасаймыз: ескі павильондарды жаңартамыз, – деп жазды А.Көлгінов.

Елорда әкімі Бараев көшесінде (Республика даңғылынан Ш.Уәлиханов көшесіне дейін) жаяу жүргіншілер променады ашылатынын айтты.

Қараусыз қалған «Жерұйық-2» саябағын аббаттандыруға кірістік. Ол жерде Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Достық гүлзарын аштық. Бейбітшілік және келісім сарайы (Пирамида) ауданында амфитеатр орнатамыз. Тартымды орындар «Теміржолшылар», «Агроқалашық», «Көктал», «Интернациональный», «Өндіріс», «Кирпичный», «Оңтүстік-Шығыс», «Үркер» (Ильинка) т.б. елді мекендерде де ашылады, – деді әкім.

Биыл «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында 200-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Абаттандыру жұмысы елорданың барлық ауданында, соның ішінде елді мекендерде де жүріп жатыр.

Барлық жаңалықтар