00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

«Сати» балабақшасында балаларды ұрып-соққан: AMANAT партиясы жекеменшік ұйымдардың қызметін талқылады

25.02.2023 | 05:02
Елорда ақпарат
36

AMANAT партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Партия мүшелері «Сати» жекеменшік мектепке дейінгі ұйымындағы резонанстық жағдайды да талқылады.

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Маржан Қайырбаеваның айтуынша, қалада 1 жастан 6 жасқа дейінгі 56 212 баланы қамтитын 430 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 99 мемлекеттік, 326 жеке меншік балабақша мен 2 жеке шағын орталық, 3 ведомство бар. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу бойынша қызмет көрсеткен «Сати» жеке мектепке дейінгі ұйымында болған оқиға коммерциялық негізде жұмыс істеді. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпараты бойынша, «Сати» балабақшасында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды жоқ.

Айта кету керек, бұл мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға дөрекілік көрсетуге байланысты екінші факт (бұрын «Алан» жеке меншік балабақшасы) бойынша өтініш келіп түскен және (мемлекеттік тапсырыспен), тәрбиеші жұмыстан босатылған, басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қалалық Білім басқармасының өкілдері «кез келген кәсіпкер жеке ұйым ашып, өз қызметін рұқсат құжаттарынсыз жүзеге асыра алатынын жеткізді. ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасына барып тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізуге мораторий енгізу туралы» Жарлығымен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне бару арқылы тексерулер мен профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуге мораторий енгізілуіне байланысты, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес Білім басқармасында бақылау-қадағалау функциялары жоқ.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ережесіне сәйкес басқарма жылына бір рет мониторинг жүргізеді және консультативтік көмек көрсетеді. Осыған байланысты Білім басқармасы жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдардың шарттық міндеттемелерді орындау жөніндегі қызметіне мониторинг жүргізеді және консультациялық көмек көрсетеді».

Отырыс барысында сондай-ақ көп балалы отбасылар үшін балабақшаға тегін бару мүмкіндігін ұсыну немесе төлем құнын азайту, сондай-ақ 0-ден 3 жасқа дейінгі балалардың дамуын ерте диагностикалау қажеттілігі атап өтілді.

Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелерінің ағымдағы индикаторлардың орындалуына мониторинг жүргізуді жалғастыру мақсатында Партияның Сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасы объектілеріне бірлескен бақылау жұмысын жүргізу туралы шешім қабылданды.

Барлық жаңалықтар