00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада – сенбілік: Алматы ауданында 6 мыңнан астам ағаш отырғызылады

25.02.2023 | 04:48
Елорда ақпарат
49

Алматы ауданы бойынша игі іс-шараға 16 мыңнан астам адам атсалысты.

Аудан әкімінің орынбасары Рамиль Досмағанбетовтың айтуынша, сенбілікке аудан аумағындағы барлық жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, кәсіпорындар мен бизнес өкілдері қатысып, Қ.Аманжолов көшесінде орналасқан «Шабыт» университетінің маңына, Астана-Қарағанды тас жолының бойына ағаштар отырғызды.

Сондай-ақ мектеп, балабақша, емхана, аурухана секілді әлеуметтік нысандар айналасына сол күні 1 мыңнан астам тал-терек отырғызылды. 

Бүгін ауа райы керемет, адамдардың көңіл-күйі де ерекше көтеріңкі. Қаламызды көркейтіп, көріктендіру мақсатында елорда тұрғындарымен бірге біздің партия мүшелері және қоғам белсенділері сенбілікке шықты. Мақсатымыз - бас қаламыздың тазалығына атсалысу және бұл шараға барлық елордалықтарды бір кісідей қатысуға шақырамын, - деді  «Аманат» партиясы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Сақтаған Сәдуақасов. 

Жалпы, экологиялық айлық аясында  аудан аумағында 6 мыңнан астам ағаш отырғызылады деп жоспарланып отыр.

Гүлбаршын Өкешқызы

Барлық жаңалықтар