00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Astana Bike» велосипедтері қашан іске қосылатыны белгілі болды

25.02.2023 | 04:03
Елорда ақпарат
37

15 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан қаласында «Astana Bike» автоматтандырылған велосипед жалдау жүйесі іске қосылатыны туралы қуана хабарлаймыз. Бұл күні велосипедтер мен абонементтерді сатып алу таңғы сағат 9.00-ден бастап қолжетімді, – делінген CTS компаниясының хабарламасында.

Абонементтерді сатып алу, веложалдау бойынша барлық ақпарат www.velobike.kz сайтында орналастырылған.

Тарифтер өзгеріссіз қалады. Белсенді велостанцияларды сайтта көруге болады. Олар көк түспен боялады.

Велопрокат пайдаланушылардың жеңілдікті санаты үшін velobike.kz сайттағы жеке кабинетте деректерді өзектендіруден өту қажет. Яғни, жеке кабинетте «Аккаунт іске қосу» батырманы басыңыз, жеке куәлігі және сіздің жеңілдігіңізді растайтын тиісті зейнетақы куәлігін немесе оқу орнынан анықтаманы (студенттер үшін) тіркеңіз, – делінген аталған ақпаратта.

Айта кетейік, велосипедтерді 24/7 қолдануға болады.

Барлық жаңалықтар