00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Нұр-Сұлтанда балалар үйінің тәрбиеленушілері тегін мультфильм көрді

25.02.2023 | 03:38
Елорда ақпарат
35

«Керуен» сауда-ойын-сауық орталығында орналасқан кинотеатрда Нұр-Сұлтан әкімдігінің, «Кинопарк» кинотеатрлар желісінің, «SF food» тамақтану компаниясының, қаланың Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының және «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» РҚБ астаналық филиалының қолдауымен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап тегін мультфильм көрсетілді.

Балаларға «SF food» тағам компаниясынан тәтті тағамдар ұсынылды.

Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров, «Жас сарбаз» жастар әскери-патриоттық қозғалысының қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек қатысты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Осыған байланысты балалар үйінің 120 тәрбиеленушісі үшін «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығында іс-шара ұйымдастырылды. Балалар фильмді тегін тамашалады, оларға «SF food» компаниясының тәттілері ұсынылды. Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және қаланың Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды, - деді Асхат Налшыбек.

Киноға баратынымызды айтқан кезде қатты қуандым және оны достарыма жеткіздім. Өте қызықты мультфильм болды, - деп балалар үйінің тәрбиеленушісі Анатолий Поленик өз әсерімен бөлісті.

Барлық жаңалықтар