00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Алматы ауданының әкімі тұрғындармен кездесті

25.02.2023 | 03:17
Елорда ақпарат
39

Тұрғындар кәріздендіру, нөсер желі, жатақханалар қызметі, жол құрылысы, жол белгілерін орнатуға қатысты мәселелермен жүгінді.

Нұрбол Нұрсағатов жергілікті тұрғындармен кездесіп, бірқатар мәселелерді қолға алған болатын.

Атап айтқанда, тұрғын үй алабын газдандыру аяқталып қалды. Сонымен қатар, азаматтардың 5 санаты үшін үйлерін газдандыруға 400 мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек бөлінеді.

Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабын жарықтандыру жұмыстарын осы жылдың 1 шілдесіне дейін толық аяқтау жоспарланған.

Сондай-ақ, шағын аудан тұрғындарының бос уақытын ұйымдастыру үшін 3 қоғамдық кеңістікті абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде: «Жерұйық-2» саябағы, Абылай хан даңғылы және Қордай-Қошқарбаев көшелерінің қиылысындағы сквер.

Барлық жаңалықтар