00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Теміржолшылар елді мекені тұрғындары газға қосылып жатыр (ВИДЕО)

25.02.2023 | 03:02
Елорда ақпарат
19

Қаланы жүйелі түрде дамыту үшін аудандарымыз бен елді мекендерімізді тұрақты аралап тұрамыз. Бүгін Теміржолшылар елді мекенінің тұрғындарымен кездестім.

Кездесу барысында қала тұрғындары маңызды проблемаларды қозғады. Нақтырақ айтқанда электр энергиясының жұмысына боранды, желді күндер әсер етіп, салдарынан жарық жүйесі желіден ажырап жатады. Сондай-ақ медициналық мекеменің жұмысы, оған жөндеу жұмыстарын жүргізу, қосымша ғимарат бөлу қажеттігі секілді жүйелі проблемалар бар.

Қала тұрғындары сол сияқты әлеуметтік нысандар, жол салу, аулалар құрылысы, жарықтандыру, жылы аялдамалар орнату, автобустарды іске қосу, Қазпошта бөлімдерін ашу, көгалдандыру секілді өзге де мәселелерді көтерді.

Қала тұрғындары қозғаған проблемаларды қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді деп бөлеміз. Алғашқы екі кезең – жол құрылысы, жарықтандыру, аялдамалар орнату, автобустарды іске қосу, аулалар салу бойынша тиісті жоспар құрылады. Бұл проблемаларды назарымызға алып, уақытылы шешетін боламыз. Сол сияқты бос уақытты ашық аспан астындағы аулалар мен қоғамдық кеңістіктерде ғана өткізбеу үшін әрі спортпен шұғылдану үшін осы елді мекенде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін (ДСК) саламыз, – деді елорда әкімі.

Сондай-ақ шаһар басшысы электр қуатына қатысты қиындықтарды шешу үшін қосалқы станса салынатынын айтты.

Оның жұмысы шамамен екі жылға созылады, есесіне бұл проблема шешіліп, тұрғындарға электр желісі тоқтаусыз берілетін болады. Медициналық мекеме жөнінде – біз №11 емхананы (№2 корпус) күрделі жөндеуден өткіземіз, сонымен қатар медициналық қызметкерлерді ынталандыру және аясы тар мамандарды жұмылдыру мәселесін де қарастырамыз.

Ауданды көгалдандыру бойынша да айта өтейін. Газдандыру жұмысы қаланың экологиясын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Осыған дейін айтқанымдай, біз екі ауданды – Сарыарқа және Алматыны газдандырдық. Ал Теміржолшылар елді мекенінде газ тарату желілері іске қосылды, тұрғындар ақырындап газға қосылып жатыр. Осы бойынша оң нәтижелерді байқап отырмыз. Бұл елді мекенді көгалдандыратын боламыз, – деді Алтай Көлгінов.

Барлық жаңалықтар