00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордаға әкелінген импорттық тауарлардың 91 пайызы таңбалау қағидаларына сай емес

25.02.2023 | 02:49
Елорда ақпарат
38

Биылғы екі айда өнім қауіпсіздігі мониторингінің нәтижелері бойынша тамақ және азық-түлік емес өнімдердің 354 сынамасы, оның ішінде импорттық өндірістің – 310, отандық өнімнің – 44 сынамасы зерттелді. Оның ішінде 16% немесе 56 сынама ЕАЭО техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмеді, бұл импорттық өндіріс өнімдерінің 91%-ы, 9%-ы – отандық өнімдер.

Оның ішінде, сәйкессіздіктің 73% таңбалау бойынша анықталды, оның ішінде азық-түлік (ұн-макарон, жарма, кондитерлік өнімдер, көкөністер мен жемістерді қайта өңдеу өнімдері, алкогольсіз сусындар) өнімдерімен қоса, тағам емес (парфюмерлік-косметикалық өнімдер, тұрмыстық химия тауарлары, ойыншықтар, жеңіл өнеркәсіп өнімдері және балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдер) өнімдер де бар. Бұл ретте өнімнің таңбалануында дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, өндіруші немесе импорттаушының аты-жөні, оның орналасқан жері, өндірушінің тауарлық белгісі, пайдалану шектеулері және т. б. көрсетілмеген.

Айта кетейік, жыл сайын ЕАЭО талаптары бойынша негізгі бұзушылықтардың бірі өндірушілердің таңбалау қағидаларын 30-дан 70%-ға дейін бұзуы болып табылады, бұл таңбалауда өнімнің дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары және т.б. туралы ақпараттың болмауы.

Осыған байланысты, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұтынушыларды өнімді таңдауда мұқият болуға – жапсырмадағы таңбалауды зерттеп қарауға шақырады. Дайындаушы, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі және басқа да деректер туралы ақпарат жоқ таңбалау бұзылған өнімдер жиі жалған болып табылады және мұндай өнімдер сіздің, туған-туыстарыңыздың және сізге жақын адамдардың денсаулығы үшін қауіпті екендігін ескертеді.

Өнімнің сыртқы түрі немесе таңбалануы бойынша сәйкессіздігі, сауда желілерінде тасымалдау немесе сақтау шарттарының бұзылуы анықталған, өнімнің сәйкестігін растайтын құжаттар болмаған жағдайда, белгіленген тәртіппен аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарын төмендегі байланыс анықтамалары бойынша хабардар ету қажет. 57-60-56, 57-60-59, эл. мекенжайы: astana.dooz@gmail.com, сайт: dkkbtu.nur-sultan@dsm.gov.kz.

Барлық жаңалықтар