00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды

25.02.2023 | 02:02
Елорда ақпарат
55

Орталықтың ашылу салтанатында көктемнің көркіне айналған «Жауқазын», «Лалагүлдер» үлгісінде аудан ардагерлері сән үлгісін көрсетті. Алматы ауданының көркемөнерпаздары ән шырқап, кеш көркін келтірді.

Орталық құрметті еңбек демалысына шыққан барлық еңбек ардагерлерінің басын біріктіретін бірегей ортаға айналмақ. Мұнда ардагерлердің бос уақыттарын тиімді өткізуге мол мүмкіндік жасалған. Олар өзара әңгімелесе отырып, қолөнер бұйымдарын жасай алады, шығармашылықпен айналысады, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен де шұғылдана алады.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашылуына арналған салтанатты кешке аудан әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысып, қарттарға өзінің жылы лебізін білдірді.

Барлық жаңалықтар