00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Алтай Көлгінов астаналықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

25.02.2023 | 01:46
Елорда ақпарат
30

Құрметті елордалықтар!

Баршаңызды еліміздегі ең бір тамаша мейрамы – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл шуақты мерекенің астарында азаматтардың өзара қамқорлығы мен қайырымы, бірлігі мен берекесі, сондай-ақ біздің бай тарихымызды ұмытпай, келер ұрпаққа аманаттау ұғымы жатыр.

Соңғы жылдардағы оқиғалар елімізге де, әлемге де оңай тиген жоқ. Ал алдымызда жаңа сын-қатерлер кезеңі тұр. Тек ауызбірлікпен күш біріктіре отырып қана біз осы бір күрделі кезеңді артта қалдырып, қиындықты еңсереміз.

Елордамызды «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» шебер жоспары аясында дамытуды жалғастыра береміз. Соның арқасында мектептер мен балабақшалардың, медициналық мекемелер, аулалар мен қоғамдық кеңістіктердің үйімізден қадам жерде орналасуына қол жеткізілмек. Сондай-ақ жоспарға сай тұрғын үй массивтері де дамиды.

Сіздерді Алғыс айту күнімен тағы да құттықтай отыра, әр отбасына құт-береке, халқымызға мықты денсаулық пен бақыт тілеймін! – делінген әкім құттықтауында.

 

Барлық жаңалықтар