00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Мәжіліс депутаттары елордалық студенттермен кездесті

25.02.2023 | 01:00
Елорда ақпарат
44

Кездесу барысында мәжілісмендер университет ректоры Ерлан Сыдықовпен кездесті, сондай-ақ ЕҰУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының қызметімен және этносаясат саласындағы мамандардың білім беру бағдарламаларымен танысып, ЖОО студенттері мен оқытушыларымен кездесу өткізді.

Сауытбек Абдрахманов өз сөзінде ҚХА депутаттық тобында 30 адам жұмыс істейтінін атап өтті. Бұл топ 2 айда бір рет кездесіп, өзекті мәселелерді талқылайды. Өткен жылы депутаттар үш заң жобасының бастамашысы болды, екі жұмыс тобын басқарды, 66 түзету енгізді, 23 депутаттық сауал берді.

Депутат сондай-ақ, оның әріптестері депутаттық сауалдарда еліміздің білім беру мекемелеріндегі балалардың қауіпсіздігі, қаржы пирамидаларының заңсыз қызметінің жолын кесу, үлкен қалалардағы түтін проблемалары мәселелерін көтергенін атап өтті.

Өз кезегінде депутат Юрий Ли интернет-алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі жол картасын іске асыру барысы туралы айтып берді.

Ол сондай-ақ «Стоп-коллектор» жобасы туралы, оның міндеттеріне коллекторлық агенттіктердің заңсыз әрекеттері кезінде қаржылық қызметтерді тұтынушыларды қорғау кіретінін жеткізді.

Кездесу барысында депутаттар тыңдаушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.

Барлық жаңалықтар