00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада балаңызды тегін үйірмеге қалай жазуға болады

25.02.2023 | 00:21
Елорда ақпарат
60

Бұл бағдарлама  кәмелетке жасқа толмағандарға арналған. Қызметті алушылар ретінде 4 жасқа толған баланың ата-анасы немесе заңды өкілі саналады. Сондай-ақ қаламызда мәдени қажеттілікті ескере отырып, күн сайын бос уақытты ұйымдастыруға бағытталған 6 немесе 10 жастағы балаларды қабылдайтын үйірмелер де жұмыс істеп тұр, - деп атап өтті бөлім басшысы. 

Сонымен қатар баласының бос уақытын тиімді өткізу үшін ата-аналар үйірмелерге қалай жазылуға болатынын айтты. 

Бүгінгі таңда artsport.edu.kz порталы жұмыс істеп тұр. Өтініш беру мен ваучер алу барынша жеңілдетілген. Заңды өкіл порталда тіркелген соң баланың деректерін тіркеп, «Менің өтініштерім» бөліміне өтіп, жолдама мен картадан үйірменің орналасқан жерін таңдайды. Ол жерде өтініштерін оператор растаған қызметті жеткізушілер көрсетілген. Өтініш берген соң ваучерді алу үшін жеткізушілермен хабарласып, келісімшарт жасасу үшін анықтама ұсыну қажет. Ата-ана баланың денсаулығы мен эпидшеңбері туралы анықтама, жеке және туу туралы куәліктің көшірмесін ұсынады, - деді Әйгерім Марденова. 

 

Жобаға өтінім берген кезде жеке куәлігіңіздің көшірмесі мен балаңыздың туу туралы куәлігін міндетті түрде жүктеу керек. Себебе бұл құжаттары жоқ өтінімдер қабылданбайды.

Барлық жаңалықтар