00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада кезекте тұрғандарға пәтер кілті табысталды

24.02.2023 | 20:56
Елорда ақпарат
26

“Жаңа жылды қала тұрғындарының бір бөлігі көптен күткен пәтерінде қарсы алады. Бүгін жылдар бойы кезекте тұрған елордалықтарға пәтер кілті табысталды. Олардың арасында жетім балалар, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, мүгедектер, толық емес отбасылар, зейнеткерлер және т.б. бар.

Тұрғын үй кешені Алматы ауданында орналасқан (Ш.Құдайбердіұлы көшесі). Кезекте тұрған 200-ге жуық отбасыға аталған тұрғын үйден пәтер берілді. Көктемде аумағын абаттандырып, ағаш отырғызамыз. Осы айда кезекте тұрған 2 мыңнан астам отбасы әлеуметтік пәтердің кілтін алды”, – деп жазды А.Көлгінов.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеңілдікпен берілетін тұрғын үй санын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

“Соңғы 3 жылдың өзінде қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй саны 5,5 есеге артты. Мысалы, 2018 жылы 1 800 пәтер, 2019 жылы 2 900 пәтер салынса, 2020 жылы 7 мыңнан астам қолданысқа берілді. Бұл көрсеткіш алдағы жылдары да сақталмақ. Жаңа 2022 жылы тағы да 10 мың әлеуметтік пәтер саламыз. Дайындық жұмыстары басталды. Сонымен қатар, Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасын жалғастырамыз, биыл да жастарға арналған «Elorda Jastary» арнайы тұрғын үй бағдарламасын іске қостық. Қоныс той құтты болсын! Әрбір отбасыға амандық тілеймін!” – деді қала әкімі.

Барлық жаңалықтар