00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада ҚР Тұңғыш Пезидент күніне орай иллюстративті-кітап көрмесі ашылды

24.02.2023 | 19:19
Елорда ақпарат
39

Көрменің мақсаты – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істерін кітап көрмесі арқылы мәліметтер беру, қазақ тарихындағы кемеңгер тұлғаның бейнесін ашу мен Президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі өнеге ету.

«Тәуелсіздік және тұңғыш Президент» атты кітап көрмесі бес бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлім: «Елбасы тағдыры – ел тағдыры». Бұл бөлімде Елбасының қанатты сөздер мен Елбасының еңселі еңбектері жайлы кітаптар қойылған.

Екінші бөлім: «Тұңғыш Президенттің қызмет хроникасы». Бұл бөлімде «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы» сериясының барлық жинақтарымен топтастырылған.

Үшінші бөлім: «Елбасы жолы». Аталмыш бөлімде іскерлік кездесулер, ірі қоғамдық-саяси жиындар, ел өңірлерінде, шетелдерде жасалған жұмыс сапарлары, Елбасының күнделікті жұмысы бойынша материалдар берілген. Сонымен қатар, Елбасының сөйлеген сөздерінің, белгілі бір кезеңдегі заңдары мен Жарлықтарының тізбегі мен түрлі анықтамалық ақпарат берілген.

Төртінші бөлім: «Әлем саясатында». Бұл бөлімде Елбасы Н.Назарбаевтың халықаралық аренадағы рөлі мен әлем саясаткерлерінің Н.Ә.Назарбаев жайлы естеліктерімен толықтырылды.

Бесінші бөлім: «Елбасы салған дара жол». Бұл бөлімде жаңа Қазақстанның келбеті мен оны дамытудағы елбасының рөліне қатысты ақпараттар қойылған. Сондай-ақ, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың кемеңгерлік бастамалары жазылған еңбектері қазақ, орыс, ағылшын және өзге тілдердегі басылымдары мен 1991 жылдан бастап берілген мақалаларынан материалдар ұсынылып, Елбасы туралы деректі фильмдер көрсетілді.

Кітапхана қорында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың және ол туралы кітаптар көптеп саналады. Атап айтатын болсақ, Н.Назарбаевтың «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», «Тұңғыш Президенттің қызмет хроникасы», «Тәуелсіздік белестері», «Тарих толқынында», «Елбасы және ел», «Еліне елеулі Елбасы», «Еуразия жүрегінде» және т.б. көрмеге қойылды.

ҚР Ұлттық академиялық кітапхансы базасында Қазақстанның Ұлттық электронды кітапханасы (ҚазҰЭК) да Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында жарық көрген кітаптармен, газеттермен және журнал мақалаларымен қамтылған. Қазір ҚазҰЭК kazneb.kz порталында мәліметтерді сақтайтын сақтау қоймасында барлығы – 63 795 электронды кітап жүктелген болса, соның 3 мыңнан астамы Елбасы және Тәуелсіздікке қатысты материалдармен қамтылған.

Айта кетсек, Н.Назрбаевтың 2010 жылы 10 мың данамен шыққан «Үшқоңыр – алтын бесігім» атты кітабының электронды нұсқасын пайдаланушылар 40 711 рет жүктеп алған.

Барлық жаңалықтар