00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Еріктілер жалғызбасты зейнеткерлердің аулаларын қардан тазартты

24.02.2023 | 19:00
Елорда ақпарат
40

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» ұранымен «Астана жастары» КММ еріктілері зейнеткерлердің аулаларын қардан тазалады.

«Зейнеткерлердің үйін қардан тазалауды бірнеше жылдан бері тұрақты түрде өткізіп келеміз. Бұл іс-шара ел Тәуелсіздігінінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» акциясы аясында өткізілуде. Қарт адамдардың, жалғызбасты аналардың және көпбалалы отбасылардың аулаларын қардан тазалаймыз. Барлық еріктілерді, жастарды акцияға қосылуға және игі істер жасауға шақырамыз», - деді "Астана жастары" КММ бөлім басшысы Әлфараби Аймақ. 

Бүгін еріктілер жалғызбасты зейнеткер және ІІІ топтағы мүгедек Раида Михтахованың ауласын қардан тазартты.

«Адамгершілік танытып, көмектескендеріңе көп рақмет. Еріктілерге, жастарға мейірімді жүректерің мен көрсеткен көмектерің үшін алғыс зор», - деп Раида Сабирзянқызы еріктілерге алғысын білдірді.

Мұндай іс-шаралар жыл сайын өткізіледі және қыс бойы жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, «30 игі іс» акциясы аясында еріктілер қала тұрғындары мен коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратқан болатын.

Барлық жаңалықтар