00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада жолақыны банк картасы арқылы төлеуге болады

24.02.2023 | 18:11
Елорда ақпарат
29

Жаңартылған жүйе көлік карталарын толықтырудың онлайн режиміне көшуді қамтиды. Сондай-ақ банк карталарымен төлеу қолжетімді болады.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қазаннан бастап елордада бірнеше қоғамдық көлік бағыттарында пилоттық режимде үш жеткізушіден кез келген екінші деңгейдегі банктің картасымен жол жүру төлемі тестіленуде.

Пилоттық жоба аясында жолаушы VISA және Mastercard карталары, сондай-ақ NFC жүйесімен жабдықталған смартфон арқылы төлем жасай алады. Транзакцияны жүргізу үшін оларды валидатордың жанында орналасқан арнайы терминалға қосу жеткілікті.

Жүйені тестілеу №61 қалалық бағыттағы үш автобуста, сондай-ақ, қала маңына қатынайтын №309, 310, 315 бағдарларда жүргізіледі.

Айта кетейік, пилоттық жоба барлық бағыттарда толыққанды масштабтау алдында түрлі жеткізушілердің банк картасымен жол жүру ақысын төлеу валидаторларын тексеруге мүмкіндік береді.

«Атап өту маңызды, бұл жаңашылдықтар жол жүру құнына әсер етпейді, барлық тарифтер өзгеріссіз қалады. Бұдан басқа, жүйені жаңарту тек инвестордың есебінен жүзеге асырылатын болады, яғни бюджет қаражаты қолданылмайды. Біз үшін әзірлеушіні таңдаудың негізгі өлшемдері, бірінші кезекте, жолаушылардың жайлылығы және жаңа жүйеге көшудің ауыртпалықсыз болуы», - деді «City Transportation Systems» ЖШС Басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов.

Бүгінгі таңда қызмет көрсетушілер арасында үш компания бар. Бұл «Innoforce solutions» ЖШС (Avtobys), «SMSBUS» ЖШС, «Технодата» ЖШС. Тұсаукесер барысында олар автобустардағы валидаторларда әрқайсысы жүйесінің артықшылықтарын көрсетті.

Барлық жаңалықтар