00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Нұр-Сұлтанда жылусыз отырған жұрт газды ай соңына дейін күтуге мәжбүр

24.02.2023 | 18:02
Елорда ақпарат
19

Нысан тіпті орталықтандырылған жылу жүйесіне де қосылмаған. Сондықтан жұрт амалсыздан электр пешін пайдалануға мәжбүр. Ал ол электр ақысын еселеп арттырып жіберген.

Тұрғындар осы мәселе бойынша жауапты мекемелердің табалдырығын әбден тоздырған. Бірақ оларға құлақ асқан ешкім табылмапты. Мүліктік меншік иесі Динара Сұлтанова да сәуірден бері жылу сұрап талай есікті қаққанын айтып отыр. Одан да еш нәтиже шықпаған.

Ал мәселеге тікелей жауапты өкілдер кеше барған «Астана» телеарнасының тілшілеріне сұхбат беруге келіспепті. Кейін қалалық отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов телефон арқылы берген жауапта аталған тұрғын үйдің жылу орталығына қосылмайтынын, оған қарашаның соңына дейін автономды газ құбыры тартылатынын айтқан.

Барлық жаңалықтар