00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Нұр-Сұлтан қаласында 7 қоғамдық көлік жолағы іске қосылды

24.02.2023 | 17:40
Елорда ақпарат
36

Елордада қоғамдық көлік жолағы 6 жыл бұрын пайда болған болатын. «Bus Lane»-нің арқасында автобустардың жолда жүру уақыты қысқарып, қозғалыс қауіпсіздігі күшейді. Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы  басшысының орынбасары Ержан Диханбаевтың айтуынша, іске қосылған көлік жолақтарының арқасында қоғамдық көліктердің  қатынау уақыты 20 пайызға дейін артқан.

«Тасымалдау қабілетін арттыру, қоғамдық көліктің ғана емес, жедел жәрдем көліктерінің, өрт сөндіру қызметтерінің, сондай-ақ ресми таксидің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жасалған. Биыл қаланың 7 учаскесінде автобус жолақтары енгізілді. Олар – Тұран, Қабанбай батыр, Ұлы Дала, Байтұрсынов, Нәжімеденов, Түркістан және Абылайхан даңғылдары мен көшелері», - дейді басқарма өкілі.

«Bus Lane» жобасының арқасында қоғамдық көлік қозғалысының тиімділігі 25% - ке артты, ал жол жүру уақыты 10 минутқа қысқарды. Қоғамдық көліктерге арналған жолақтар бойынша көлік жүргізушілерінің қарбалас сағаттарынан тыс және демалыс күндері қозғалу мүмкіндігін қарастыру туралы Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, Абылай хан даңғылы бойынша осы бастаманы енгізу туралы шешім қабылданған. Абылайхан даңғылы бойында Пушкин көшесінен Манас көшесіне дейінгі учаскеде пилоттық жоба түрінде уақытқа шектеу қойылған автобус жолағы енгізілді. Енді қоғамдық көліктер үшін автомобиль жолағы ең «қауырт» шақтарда, яғни таңертең 7:30-дан 9:30-ға дейін және кешке 17:00-ден 20:00-ге дейін қолданылады.

Бүгінде 860 автобус елорда тұрғындарына 86 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Сөйтіп, бұл қоғамдық көліктер күн сайын жарты миллион рейс жасайды.

Барлық жаңалықтар