00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада велосипед пайдаланушылар 1,5 миллион шақырым жүрген

24.02.2023 | 17:28
Елорда ақпарат
35

“Биыл елордада «Velobike» веломаусымы 15 сәуірден 31 қазанға дейін созылды. Осы уақыт ішінде пайдаланушылар саны 11 мыңнан асты. 12 мыңнан астам абонемент сатып алынды. 700 мың прокат жасалды. Сонымен қатар, веломаусым басталғаннан бері велошеринг пайдаланушылары 1,5 миллион шақырым қашықтықты жүріп өтті. Олардың бірі осы кезеңде 7,5 мың км жүріп өтті. Ол үшін оларға мыңнан астам велосипед және 155 велостанция қолжетімді болды”, – делінген CTS компаниясының хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда алғаш рет велошеринг жүйесі елордада 2014 жылы пайда болды, ал 2020 жылы City Transportation Systems басқармасына берілді.

CTS компаниясы велосипедті жалға алу процедурасын жеңілдетті. Ол үшін бүгінде алғашқы онлайн тіркеуден өтіп, логин мен пароль алу жеткілікті. Kaspi.kz және Qiwi арқылы онлайн төлеу функциялары енгізілді. Сондай-ақ, 17 велостанцияның орналасу схемасы, қоғамдық көлік жолаушыларының үйден велосипедпен аялдама пунктіне дейін жету мүмкіндігін ескере отырып, қайта қаралды.

Айта кетейік, веломаусымы аяқталғаннан кейін абоненттік төлем келесі маусымға сақталмайды. Тек теңгерім ауыстырылады. Қажет болған жағдайда шоттағы қаражатты Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы Орталық кассадан алуға болады.

Барлық жаңалықтар