00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Екі күндік ғылыми-практикалық конференция қорытындыланды

24.02.2023 | 16:55
Елорда ақпарат
40

Конференцияның мақсаты – ресейлік және республикалық мұғалімдер арасындағы серіктестік пен конструктивті өзара қарым-қатынасты дамытуға үлес қосу. Шара барысында білім сапасын арттыру, жоғары оқу орындары, білім беру орталықтары мен оқу орындары арасындағы тиімді байланыстарды табу, жоғары деңгейдегі дарынды балалармен және талантты жастармен жұмыс, мамандықты саналы таңдау және нарықтағы болашақ қажеттіліктер туралы ақпарат қамтылды. Сондай-ақ «Жаңа кәсіптер атласы» аясындағы еңбек, ата-аналарды балалармен бірлескен шығармашылық қарым-қатынасқа тарту мәселелері талқыланды.

Шараға қазақстандық және ресейлік ғалымдар, «Дарын» аймақтық орталықтарының, білім бөлімдерінің, мамандандырылған мектептер мен оқу орталықтарының өкілдері қатысты. Бұл ретте ақпараттық технологиялардың дамуы конференция алаңдарының бірінің жұмысын қашықтан жүргізуге мүмкіндік берді. Сондықтан ресейлік ғалымдар оған қашықтан қосылды.

Пленарлық бөлім Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Шәкәрім Сейсенбайдың құттықтау сөзімен басталды. Ол конференцияның мақсаты мен міндеттерінің өзектілігін атап өтіп, қатысушыларға жемісті еңбек тіледі.

Конференция жұмысына барлығы 200-ден астам делегат атсалысса, соның 70-і әр облыстан және Алматы, Шымкент қалаларынан келген өкілдер. Қонақтар арасында 9 директор мен «Дарын» аймақтық орталықтарының 2 орынбасары (Ақмола, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстанның директорлары мен Жамбыл мен Қарағанды ​​облыстарынан директордың орынбасарлары) бар.

Конференция аясында 3 секциялық отырыс өткізіліп, білім беру саласындағы қазақстандық және халықаралық сарапшылардың 18-ден астам баяндамасы тыңдалды.

Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында 2021 жылдың 21 қазанында «Интеллектуалды дарынды жастар – елордалық білімнің әлеуеті» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының бірінші күні өтті.

Пленарлық отырыста баяндама оқығандар:

Дәуенов Ернұр Нұрланұлы - Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары;

Қуатова Айгүл Советқызы - «Елбасы академиясы» КҚ Көшбасшыларды дамыту және цифрлық білім беру орталығы жетекшісі;

Саясат Нұрбек - BTS Education бас директоры;

Нұркешев Тимур Сейтқажыұлы - Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры;

Әубәкіров Ержан Бейсембекұлы - «Bilim innovation» халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті;

Тесленко Александр Николаевич - академик, педагогика ғылымдарының докторы (ҚР), әлеуметтану ғылымдарының докторы (РФ), профессор.

Түстен кейін конференция үш пікірталас алаңында жалғасты. Білім беру саласындағы қазақстандық және ресейлік сарапшылардың 18-ден астам презентациясы тыңдалды. Әр секция жұмысы конференцияның қорытындысын шығарумен және нақты шешімдер қабылдаумен аяқталды.

22 қазан – Конференцияның екінші күні конференция барысы жандана түсті. Оған қатысушылар республикалық және халықаралық олимпиадаларда үздік нәтиже көрсететін оқушыларды баптап жүрген №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі, дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейі, шейх Тамима бен Хамад аль-Тани атындағы №85 мектеп-лицейі сияқты елорданың үш негізгі білім ордаларын аралады.

Іс-шара соңында конференция қатысушылары «NURORDA» мектеп-лицейінің акт залында бас қосып, халықаралық конференцияның жабылу салтанатын тамашалады.

«NURORDA» мектеп-лицейінің мәжіліс залында өткен конференцияның екінші күнгі шарасында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығымен жемісті ынтымақтастық жасап келе жатқан серіктестерге алғыс хаттар мен естелік кәдесыйлар табысталды.

Ұйымдастырушылар да, қатысушылар да конференция тәжірибе алмасудың, жаңа инновациялық технологиялармен және тың жобалармен танысудың, әріптестермен қарым-қатынас орнату мен олардың озық ойларын насихаттаудың бірегей жолы екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ олар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, ризашылықтарын білдірді.

Барлық жаңалықтар