00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Нұрбол Нұрсағатов: Тұрғындар мәселесін желідегі парақшамызға жазса да көмектесуге дайынбыз

24.02.2023 | 16:51
Елорда ақпарат
39

Әкімнің айтуынша, бүгінде атаулы әлеуметтік көмекті аудан бойынша 600-ден астам адам алады.

«Байқоңыр ауданы аты жаңа болғанымен, бұрыннан қалыптасқан аудан болғаннан кейін әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар бар. Бірақ оның бәрін бақылауда ұстап отырамыз. Мәселен кеше маған 2 адам келіп кетті. Жағдайымыз жеткенше көмектесіп жатырмыз. Кейбіріне көмірін, енді біріне тамағын жеткізіп береміз. Оның барлығына әкімдіктің бюджетінен қаражат жоқ. Бірақ демеушілер бар, соларға айтамыз. Бүгінде 600-ден астам адам атаулы әлеуметтік көмекті алады. Жағдайы өте төмен азаматтар болса, біздің әкімдікке немесе біздің әлеуметтік желідегі парақшамызға жазатын болса, көмектесуге әрқашан дайынбыз», – дейді Н. Нұрсағатов.

Оның сөзінше, жыл басынан бері тұрғындар тарапынан 18 мыңнан астам сұрақ түскен. Әкімдік тарапынан барлық өтініштер қаралып, жоспар бойынша орындалып жатыр.

«Біздің ауданда 240 мың адам тұрады. Олардың барлығымен кері байланыс жасау мүмкін емес. Бірақ жыл басынан бері әлеуметтік желілер және телефон арқылы 18 мыңнан аса сұрақ түсті. Одан бөлек, жұма сайын менің орынбасарларым және айына бір рет өзім тікелей эфирге шығып отырамыз. Сонда тұрғындар сауалдарын қояды. Әрине әрбір сұрақты бақылауға аламыз. Соңғы тікелей эфирде 50-ден астам сұрақ қойылды. Оның әрбіріне жоспар бекітілді. Ол жерде кейбір сұрақтар объективті түрде қойылады. Жоспар бойынша біртіндеп орындалып жатыр», – дейді әкім.

Барлық жаңалықтар