00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Астанада қымбат алкоголь ұрлаған адам ұсталды (ВИДЕО)

24.02.2023 | 16:48
Елорда ақпарат
34

“Тергеу барысында жас жігіттің Қошқарбаев көшесінде орналасқан супермаркеттен элиталық вискидің 3 бөтелкесін ұрлап кеткені анықталды. Ер адам жан-жағына қарайлап, алкоголь сөресінен вискилерді алып, сөмкесіне салып шығып кеткен. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған”, – делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері ұрлық жасаған ер адамның жеке басын анықтады. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 28 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қырағы болуды, жұмыс орнын қараусыз қалдырмауды және шағын және орта бизнес нысандарын бейнебақылау камераларымен жабдықтауды ұсынады.

Барлық жаңалықтар