00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада бір тәулікте 91 жол-көлік оқиғасы тіркелді

24.02.2023 | 15:19
Елорда ақпарат
41

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жүргізушілерге қозғалыс кезінде барынша мұқият және сақ болуға, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.

“Жүргізушілер үшін ең қауіпті – дымқыл асфальт. Жол тайғақ, сонымен қатар, түнгі аяз басталды. Бұл жағдайлар жиынтығында көлік құралдарының тежеу жолының ұлғаюына ықпал етеді. Сондықтан, кенеттен маневрлар мен тежелулерден аулақ болуыңыз керек. Жаңбыр көріністі азайтады, сондықтан да өте мұқият болу керек. Сонымен қатар, қолайсыз ауа райында жаяу жүргіншілер жақындап келе жатқан көліктерді көрмейді”, – делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жаяу жүргіншілер өткелі алдында жүргізушілерді қозғалыс жылдамдығын барынша төмендетіп, барынша мұқият болуды ескертеді.

Барлық жаңалықтар