00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Биыл елордада жол-көлік оқиғалары 47,9 пайызға артқан

24.02.2023 | 14:52
Елорда ақпарат
27

«Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша жол-көлік апаттары 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,9 пайызға, жарақат алғандар 34,6 пайызға, ал қаза тапқандар 5,6 пайызға өскен. Алайда 2020 жылғы пандемия мен ТЖ режимінде көлік қозғалысын шектеу мен халықтың өзін-өзі оқшаулау аясында апаттың да аз болғанын ескерсек, 2018-2019 жылдардағы ұқсас кезеңмен салыстырғанда, жол апаттары мен онда зардап шеккендердің төмендеп келе жатқаны байқалады», - деді Елжан Шөпеков.

Оның айтуынша, 100 мың тұрғынға шаққандағы қаза тапқандар саны бойынша апаттың жалпы коэффициенті 1,7-ні құрайды. Талдауға сәйкес, жүргізушілердің кінәсінен 76 оқиға, оның ішінде мас халде көлік жүргізу кесірінен 12 апат болған.

«Көлік санаттары бойынша жеңіл көлікпен – 236, жүк көлігімен – 11, автобустармен 6 оқиға тіркелген. ЖКО себептері бойынша: маневр жасау ережелерін бұзу – 50, қиылыстан өту ережелерін бұзу – 49, қашықтық пен қаптал аралығын бұзу – 47, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өту – 39 және реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі бойынша 27 оқиға болған», - деді спикер.

Сондай-ақ жаяу жүргіншілердің кінәсінен 87 оқиға тіркелсе, оның ішінде 76 адам жаяу жүргіншінің белгіленбеген жерінен өтіп, 8 адам бағдаршамның тыйым салған белгісіне қарамаған. Осылайша жол апаттарының 24 пайызы жаяу жүргіншілерге тиесілі болып отыр. Ал велосипедшілер 6 жол-көлік апатына ұшыраған.

Барлық жаңалықтар